Печать 

Футболдың құдыреті!
Жалпы осы футболдың құдыреті күшті ғой. Жәй ғана мысал айтайын, Қызылорданың халқындай ғана Исландия аралы осыдан 10 жыл бұрын азып-тозған, болашағы бұлыңғыр наркомандар қаптаған елі еді! Биліктегілер жағдай оңалмағасын әрі ойланып, бері ойланып жаппай футбол алаңдарын салды. Футболды ұлттық идеология ретінде насихаттап, денсаулығы құрыған халықты доп тебу арқылы салауаттылыққа ептеп тартты. Ақырында сол викингтердің ұрпағы 2016 жылы Еуропа біріншілігіне жолдама алып, футболды ойлап шығарған ағылшындарды жеңіп масқарасын шығарды. Бүкіл әлемдік медиа Исландияны картадан іздеп, бұлар қалай мынадай жетістікке қол жеткізді деп шулады. Жетістігіне тамсанды. Ал сол Исландияның құрамында тек 5-6 кәсіпқой футболшы ғана болғанын естіп, Англия жерге кіретін тесік таппай қалған шығар. Иә, өйткені оларды музыкант, дәрігер, студент, жанармай құю бекетінің операторы жеңіп кетті!!! Былай логикаға салсаң, мүмкін емес жағдай ғой. Челси, Манчестер, Тоттенхем, Арсенал секілді әлемнің үздік лигасы АПЛ де ойнайтын һас шеберлерді әуесқойлар жеңеді дегенге адам сене ма?)) Міне, бұл футболдың құдыреті!!!

Жалпы айтайын дегенім, ол емес еді))) Миллиондардың жүрегін жаулаған ойын біздің өңірде де жаңа деңгейге көтеріліп, ақырын болса да анық дамып келеді. Неге? Басқа да спорт түрлері бар ғой, дейтіндер фб-да жетерлік)). Бірақ, апта сайын мыңға жуық адамның басын біріктіретін спорт секциясы бар ма? Соны айтыңыздаршы? Жоқ. Ешқандай спорт түрі дәл футбол секілді бұқаралық сипат ала алмайды! Сенбесеңіздер әр аптаның сенбі, жексенбісінде облыстық әуесқойлар лигасының біріншілігін келіп тамашалаңыздар. Бүгінде Суперлига, А және Б лигасында қаладан, ауыл аймақтан, түрлі еңбек ұжымдарынан, саудагерлер, мемқызметшілер, әскери, құқықтық құрылымдардан, жастардан 50 ден аса команда сайысқа түсіп, жасы бар, кәрісі бар доп теуіп, тұрақты түрде спортпен шұғылданып жүр. Алайда бұл оң бастамаға көбіне қолдау жетіспейді. Өйткені, бізде футбол ойнағаннан бірдеме шыға ма, доп теуіп жетістірмейді ғой қазақтар деген көзқарас қалыптасып қалған ше. Міндетті түрде Месси Роналду шығу шарт емес қой)) Қаншама жас осы футболдың арқасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, жат қылықтан арылып, көшеде кезіп жүрген жоқ. Олардың жаман ортаға қосылмауына ең бірінші осы спорт себепкер. Облыста не көп қазір Қоғамдық қор көп. Белсенділердің бас басында бір-бір қордан бар десем қателеспеймін. Үкіметтік емес ұйым ретінде ақша алып, өз жобаларын жүзеге асырып отыр. Сол секілді футболдан облыстық әуесқойлар лигасы да Қоғамдық қор!!! Бірақ, мемлекеттен бес тиын алмайды! Ал мың адамға апта сайын зал тауып, қаржысын төлеу, басқа да құрал-жабдықтарын қамтамасыз ету оңай емес. Тіпті, ұйымдастырушы жігіттердің қиналып кететін кезін көріп, өзің ұяласың. Өйткені, олар аймақта футбол дамыса екен деп осы іске шын берілген адамдар. Рақмет сендерге жігіттер!!! Осы бағыттан таймаңдар, есті басшылар естісе қолдайды деп ойлаймын!!!
Ал кешегі Кубоктік бәсекенің финалы үшін Орион мен Азаматқа респект!!! Супер матч, супер финал болды ???????????? Евразия спорт кешенін толтырған жанкүйерлер Эль-классико тамашалағандай әсер алды деп ойлаймын!!!

Әділбек Жақанов.