Зима-2025
Семей
Лето-2023
Узбекистан Ташкент

da51da004ee9d2420a57d0474da791b7

Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде дамыған елдің келбеті қандай болмақ? Экономиканың қай саласы бәсекеге қабілетті болуы тиіс? Осы сынды сауалдардың туындауы - заңдылық. Себебі, уақытпен бірге мемлекеттің бастапқы кейпі өзгереді. Сонымен қатар, халықтың сұранысы мен қажеттіліктері, талаптары мен мақсат-міндеттері артады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін», - деп көрсеткен болатын. Яғни, бәсекеге қабілеттілік тек бір саланы ғана емес, мемлекет құрылымын қалыптастыратын барлық салаларға қатысты болады. Бұл орайда халықтың біріккен жұмысына артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Адамдар заманауи еңбек нарығының талаптарына сай болулары тиіс. Дегенмен, «Бірінші байлық - денсаулық» екендігін ұмытпаған жөн.

Әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фараби «Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек», - деген екен. Біз уақыттың талаптарына сай болу жолында өзіміздің жай-күйімізді қалыс қалдырмауымыз тиіс. Бүгінде мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды спортқа бейімдеуге бағытталған. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында да осы мәселеге жіті көңіл бөлінеді. Себебі, еліміздің жарқын болашағы тек білімді ғана емес, дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың қолында болмақ.

Осы орайда «Туған жер» сынды мемлекеттік жобалардың аясында елімізде спорт саласының дамуына атсалысып жүрген ел ағаларының ерен еңбектерін атап өту қажет. Мәселен, бүгінде ауылдар мен қалаларда спорт мектептері ашылып, арнайы алаңдар салынуда. Сонымен қатар, осы бағытта ірі жобалар жүзеге асырылып келеді. Біздің келесі кейіпкеріміз осындай ірі жобаны қолға алып қана қоймай, бүгінде алып жүйеге айналдырған. Назарларыңызға «Қазақстан Республикасы Әуесқой футболшылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Жарылқасыновпен өткен келелі  сұхбатты ұсынып отырмыз.

Ерлан мырза, Әуесқой футболшылар лигасының қазіргі жай-күйімен таныстырып өтсеңіз. Қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?

Бізде бүгінде Қазақстан Республикасы Әуесқой футболшылар лигасының күзгі чемпионаты өтіп жатыр. Жалпы, біз жылына үш чемпионат өткіземіз. Атап айтқанда, қысқы чемпионат бөлек спортзалда, ал күзгі және көктемгі чемпионаттың қорытындысы сыртқы алаңда ұйымдастырылады. Бүгінде елордамыз бойынша 80 команда қатысады. Қорытынды ойынға 4 команда алынып, кейін сол командаларды Қазақстанның чемпионатына жібереміз. Әуесқой футболшылар лигасы Әділет министрлігінде ресми түрде тіркелген қоғамдық бірлестік болып табылады. 2008 жылы ашылдық. Бұл - әлеуметтік жоба. Лиганың басты кеңсесі Астанада орналасқан. Бүгінде республика бойынша барлық өңірлерде өзіміздің филиалдарымыз ашылып, жүйелі жұмыс атқарып жатыр. Әр филиалдарда күзгі чемпионаттар өткізілуде. Жеңімпаздардың барлығы Қазақстан чемпионатына жолдама алады. Бізде Шымкент, Алматы қалаларында чемпионаттар өтті. Келесі жылы Қызылорда қаласынды өткізуді жоспарлап отырмыз.  

Лиганың басты мақсаты - еліміздегі спорт саласын жетілдіру, соның ішінде минифутболды дамыту. Алғаш құрылған кезде біз 4 команда ғана болатынбыз. Бүгінде қатарымыз көбейіп, барша Қазақстан бойынша 360 команда болдық. Әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы секілді ойындарға өз күшімізбен барып, қатысамыз. Лига тарапынан әр командаға қолымыздан келгенше көмек қолын ұсынып жатырмыз. Болашақта ұлттық компаниялар, инвесторлар тарапынан қолдау болады деген ойдамыз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жастардың тәлім-тәрбиесіне баса назар аударылады. Осы орайда Лига тарапынан қазіргі жас буынды спортқа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қандай да бір жобалар өткізіліп жатыр ма?

Әрине. Қазір Әуесқой футболшылар лигасы «Junior» деген жасөспірімдер лигасын ашып, 8-9, 10-12, 14-16 жас аралығын қамтитын командаларды қабылдаудамыз. Түрлі деңгейдегі жарыстар өткізіп жатырмыз. Бүгінде «Junior» лигасында 40-қа жуық команда бар.

Жыл басында әр филиалдарға арнайы бұйрық берілді. Яғни, әр өңірде осындай жасөспірімдер лигасы ашылуы тиіс. Спортты, соның ішінде футболды жақсы көретін жастарымызды қолдау мақсатында Қазақстан чемпионатына әр филиал бір жас команданы алып келулері тиіс болады. Елордамыздың өзінде 20-дан астам спортқа бейімделген жеке мектептер, «Астана» спорт мектебі бар. Біз сол мектептердегі командалардың басын біріктіріп, жарыстар ұйымдастырамыз. Осы орайда Лига мен аталмыш мектептер арасында әріптестік қарым-қатынас орнатылған. Өздеріңіз білетіндей, алғашқы жылдары елімізде футбол әлі дамымаған еді. Арнайы мектептер ашылмай, жаттықтырушылар болмады. Біздің осындай ірі жобаны қолға алуымыз минифутболдың дамуына бастау болды. Мәселен, бізде футболмен кәсіби түрде айналысқан балалар өздерінің спорт мектептерін ашып, үйренгендерін жастарға үйретуде. Міне, «Ұрпақтар сабақтастығы жеңіске апарады» деген осы шығар. Сонымен қатар, мына бір жайтты айтпай кетуге болмас. Осы жерде жұмыссыз жүрген, бірақ футболды жақсы білетін кісілер келіп, ойындарымызға қатысып, өздерін көрсетуге мүмкіндік алып, жұмысқа қабылданған жайттар кезігеді. Себебі, бұл жерде тек бір бағытта қызмет атқаратын ойыншылар емес, барлық саланың мамандары қатысады. Олар бір-бірінің мүмкіндіктерін байқайды. Өзара байланыс орнатады. Осылайша, өзгерістер мен мүмкіндіктерге жол ашады.

Сондай-ақ, бізде арнайы комитет жұмыс істейді. Комитет құрамында елге сыйлы 7-8 ағамыз бар. Ойын барысында қатты сөйлеп, қателік жіберген ойыншыны әрі қарай ойынға жіберу немесе жібермеу мәселесі комитетпен қарастырылады. Егер де ойыншы өз қатесін түсініп, кешірім сұрайтын болса, ойынға қатысуға мүмкіндік алады. Ал екінші рет қайталанатын болса, алынып тасталады. Себебі, біз үлкендерді қадірлеу, бір-біріне сыйластық көрсету қағидаларын ұстанамыз. Алаңда қарсылас болсақ та, алаңнан тыс біз - бір отбасымыз. Бұл жайтты тек біз ғана емес, әр команда жіті түсінеді және сақтайды.  

Тағы қандай бағыттарда жұмыстар жүргізіп жатырсыздар?

Сонымен қатар, Лига өз тарапынан ойынға қажетті формаларды, құрал-жабдықтарды береді. Командалар кешкі сағат жетіден бастап түнгі он екі-бірге дейін алаңда ойнай алады. Ал сенбі, жексенді күндері елордамыздың командалары арасында түрлі жарыстар ұйымдастырамыз. Бүгінде Астана бойынша 2000-3000-нан астам адам келіп, осы жерде футболға қатыса алады. Осы орайда инвесторлар тарапынан қаржылық көмек көрсетіліп жатқанын айтып өту қажет. Келешекте мемлекет тарапынан да қандай да бір қолдау болады деген үміттеміз. Себебі, біздің командалар шетелдерге шығып, ірі жарыстарға қатысып қана қоймай, бас жүлделерді иеленіп келеді. Бүгінде Еуропада рейтинг бойынша 40 мемлекеттің ішінде 7 орынды иеленіп тұрмыз. Ал 2016 жылы Еуропа чемпионы атағына ие болдық. Киевте 3-орынды алдық. Осының барлығы тек біздің ғана емес, Қазақстанымыздың абырой-беделі деп білеміз. Ірі халықаралық жарыстарда еліміздің көк туы желбіреп, әнұранымыз шырқалған сәтте іштей мақтаныш сезімі оянады.

Қазір Лига құрамында қазылар мектебі бар. Павлодар, Көкшетау, Қарағанды қалаларынан арнайы келіп, біздің ойындарға қатысады. Болашақта жаттықтырушылар мектебін ашу ойда бар. Осыған орай арнайы бағдарламалар құрып, түрлі бағыттарды қамтудамыз. Негізінде, Еуропадан көп нәрсені үйреніп жатырмыз.

Ерлан мырза, өзіңіздің еңбек жолыңыз жайлы айтып өтсеңіз. Осы салаға қалай келдіңіз?

Мен өзімді саясаткер немесе басшы деп санамаймын. Бастапқы мамандығым - экономист. 2007 жылы достарымызбен бірге футбол ойнайтын едік. Біз секілді футболды жақсы көретін және ойнай білетін адамдар баршылық. Кейін менде бір ой туындады. Осындай әуесқой футболшыларға арналған бірлестік ашсақ қалай болады екен? Алғаш рет осы жобаны қолға алған кезде жұмыспен қатар алып жүру қиын болды. Алдымда таңдау тұрды. Өздеріңіз байқап тұрғандай, мен ойлаған мақсатымды жүзеге асыруды таңдадым. Барлығы 2009 жылдың аяғынан басталды. Ойындарымызға арнайы қазыларды шақырып, болмаса өзіміз қазы болып, бастадық. 2010 жылы Лиганың ресми сайты ашылды. Бүгінде сайтқа күніне 25 000 пайдаланушы кіреді екен. Әлеуметтік желілерді ұйымдастырып, жарнамалай бастадық. Ал 2012 жылы өз қаражатыма Еуропада өткен Еуропалық минифутбол федерациясының отырысына қатыстым. Сол жерде Федерациямен өзара әріптестік туралы келісімшарт жасастық. Міне, 2012 жылдан бастап біз республикалық дәрежеге ие болдық. Аталмыш отырысқа 16 мемлекет қатысты. Бір қызығы, шетелге тұңғыш рет шығып отырсам да және шетел тілін жақсы білмесем де, өз ойымды жүзеге асыра алдым. Қазақстан минифутбол қауымдастығына кірді. Міне, осы қадамнан кейін жобамыз қарқын алып, дами бастады. Бүгінде инвесторлар тарапынан көмек көрсетіледі. Біз де өз тарапымыздан түрлі жарнамаларды жасаймыз.      

Қазіргі жастарға айтар ағалық ақыл-кеңесіңіз...

Бір қуантарлығы, бүгінде елімізде балаларын спортқа бағыттайтын ата-аналар баршылық. Бұл - өте жақсы бастама. Тек аталмыш мектептердің немесе секциялардың көптеп ашылуының кереғар тұсы бар. Бұл дегеніміз - саны көп, сапасы жоқ жаттықтырушылардың артуы. Мәселен,  доппен дұрыс жұмыс істей алмайтын кісі қалай жаттықтырушы бола алады? Спортқа бейімі болмаса да, адамдар нарықтық заманда сұраныстың көптігін біліп алып, аша береді. Осындай мамандарға тап болудан сақ болуы тиіс. Республика бойынша арнайы спорт мектептері жетерлік. Оларда кәсіби мамандар қызмет атқарады. Міне, бұл жолда да дұрыс таңдау жасай білу аса маңызды.

Сұхбатыңызға рахмет!

 

Источник: http://ruh.kz/kz/news/alanda_karsilas_bolsak_ta_alannan_tis_biz__bir_otbasimiz

WhatsApp_Image_2024-05-07_at_13.28.17.jpgWhatsApp_Image_2024-05-07_at_12.55.37.jpegWhatsApp_Image_2024-05-07_at_13.19.58.jpegYouTube

WhatsApp_Image_2024-03-30_at_19.35.04.jpegjpg_20230326_162020_0000.jpgjpg_20220323_132110_0000.jpg20210331_125332.png20201220_110644.png20200604_130838.png20200604_125346.png20200604_132129.png1556864738785.pngbright1

WhatsApp_Image_2024-06-16_at_15.59.58.jpeg_без_названия_20240615_113311_0000.jpg

20230908_230731_0000.pngllfsgop.gif

WhatsApp_Image_2024-09-29_at_21.13.00.jpegWhatsApp_Image_2024-09-29_at_21.12.58.jpegpng_20220907_101720_0000.png0001-7746823192_20210913_100909_0000.jpg20200922_160251.png20200604_124814.png20200604_134254.png20200604_131330.png20200604_134006.png20200604_134214.png20200604_133440.png20200604_133450_1.png