Зима-2024
Семей
Лето-2023
Узбекистан Ташкент

Көкшетау ƏФЛ Супер лигасының соңғы, 18 турына шолу. Бұл турда əрбір команда өзінің "локалды" тапсырмаларын орындау мақсатын ұстана отырып ойнады десек артық кетпейміз. Турдың шымылдық ашар кездесуінде Жазғы чемпионатта қарсылас шақ келтірмей, ал қысқы Чемпионаттың тек екінші айналымында ойындарын біршама түзей алған Елім-ай мен соңғы кезде сүреңсіз ойын көрсетіп жүрген Жақсы командасы кездесті. Бұл ойында Жақсы командасы ойын басынан өздеріне қажет нәтижеге жетуге құлықты екендерін сездіріп бірінші таймның өзінде Елім-ай қапасына жауапсыз 4 доп соқты. 11 және 14 минутта Утен Рустем екі гол соқса, 15 минутта Тускеев Олжас бір гол соқты, 16 минутта Зинченко Владимир өзінің голымен бірінші таймды қортындылады. Үзілістен соң 22 минутта Утен Рустемнен тағы бір гол жіберген Елім-ай естерін жия бастағандай əсер қалдырды, Жақия Самат 23 минутта өз командасының ойындағы есебін ашты. Артынша 33, 37 минуттарда нәтижелі соққылармен көзге түскен Хамиев Жеңіс есепті біршама қысқартты. Алайда 38 минутта Зинченко В. командасының 6 голын соғып еді, артынша Жақия С. Елім-айдың 4 голын соғып қорытынды есепті тіркеді. Ойында 6:4 есебімен Жақсы командасы жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама дұрыстап алды, алайда олардың келесі жылы Супер лигада қалу- қалмауы Карьер командасымен ойналатын, кейінге қалдырылған ойынынан соң белгілі болады. 

18 тудың екінші ойынында бір тур бұрын Чемпион атанып қойған Көкшетаутрантелеком командысымен, үшінші орынға үмітті Строй Тау командасы кездесті. Алайда бір тур бұрын Чемпиондыққа қол жеткізген команда нағыз чемпионға тəн ойын көрсете алмады, бірінші тайымның өзінде ақ қақпаларына үш гол жіберіп алды. 7 минутта Хамзин Саят есеп ашса, артынша 12 минутта Бесеекеев Рустам есепті еселесе, 17 минутта Бейсенбаев Данияр үшінші рет қарсыластарына допты қақпаларынан алдырды. Тек тайымның соңғы минутында бұрыштамадан берген пасты қақпаға бағытталған ТТК ойыншысы Карпов Дмитрий өз командасының ойындағы есебін ашты. Екінші таймда командалар көбіне қорғанысқа көңіл бөліп, тек бір- бір голдан соқты. Қорытынды есеп 2:4 Строй Таудың пайдасында. Команда онлайн таблицада үшінші орынға көтеріліп, Олимп- Астудио ойынында Олимпке жанкүйерлік етуге кетті. 

18 турдың үшінші кездесуінде Супер лигада қалуға үмітті Қайсар және математикалық түрде үшінші орынға шығуы мүмкін Стимул командасы кездесті. Мамандардың болжағанындай Стимул өзіне керекті нəтижеге тез қол жеткізуді көздеп, команда ойыншысы Бегимов Рауан бірден хеттрик жасады, арасына Айтымов Асхаттың бір голын салып. Алайда Қайсар көп гол жібергенсоң ғана ойлана бастады, 11 минутта Алибеков Жанат өз командасының есебін ашты. Артынша "Стимул" Шейко Сергейдің көмегімен есепті бесте бірге жеткізді. Ойын соңына дейін командалар тағыда бірнеше голдар соқты, тіпті соңғы 38,39,40 минутта Қайсар ойыншылары қатарынан үш гол салды, алайда ойынға берілген уақыт сонымен тəмəмдалып, Стимул кезекті жеңісіне қол жеткізді. Қорытынды есеп 6:8. 

Төртінші ойында "Карьер" ШФК-ы "ТЖД-КМУ" командысымен ойнады. Бұл ойында айқын басымдылықпен ТЖД-КМУ командасы жеңді. Ойындағы қызықты нәтижелердің бірі ретінде көптен алаңға шықпай жүрген ТЖД-КМУ ойыншысы Штир Тимурдың төрт гол салуын айтсақ, Карьер командасының ойыншысы Ержанов Жасланның үш гол салып, сұрмергендер көшін бастаған Ибрагимов Тимурды басып озып бірінші орынға шығуын айта аламыз. Қорытынды есеп 4:8 ТЖД-КМУ пайдасында. Драматургияға толы, нағыз жанкүйерлер мен ойыншылардың жүйкесін тоздыратын ойын деп айтуға болатын турдың бесінші ойыны еді. Жанкүйерлерді 17 турдан кейін 3 орында тұрған Астудио командасымен, Супер лигада қалу үшін ойында қателікке жол беруді қаламайтын, тек жеңіс қана қажет деп шыққан Олимп командасы арасындағы ойын күтіп тұрды. Бұл турдың қортынды ойыны еді. Ойындағы есепті 25 минутта қарбаласты пайдаланып өз алаңынан дəл соққы бағыттаған Астудио ойыншысы Советов Сейілбек ашты. Ары қарай ойын алма-кезек шабуылдармен жалғасты. Астудио командасы ойын соңына дейін есепті сақтап қалу мақсатында жұмыс істегендей көрініп, көбіне қорғаныста ойнады. Алайда бұл нəтижемен Олиптің ойыншысы Раев Данияр келіспейтіндігін білдіріп 37 минутта есепті теңестірсе, екі минуттан кейін жеңіс голын соғып, жеңісті жұлып əкетті. Бұл нәтиже Астудионы 5 орынға түсіріп, ал Олимпты сегізінші орынға көтерді. 
Сонымен 18-ші, соңғы турда аяақталды, алайда Чемпионат толық тəмамдалу үшін кейінге қалдырылған Карьер және Жақсы ойыны ойналу керек екенін айта кеткеніміз жөн.

20210303_122223.jpgYouTube

WhatsApp_Image_2024-03-30_at_19.35.04.jpegjpg_20230326_162020_0000.jpgjpg_20220323_132110_0000.jpg20210331_125332.png20201220_110644.png20200604_130838.png20200604_125346.png20200604_132129.png1556864738785.pngbright1

1_20230811_152149_0000_1.jpgjpg_20230812_173601_0000.jpgjpg_20230812_173319_0000.jpgScreenshot_20230128_100102_Canva.jpgpng_20220924_132458_0000.pngpng_20220924_132529_0000.png

20230908_230731_0000.pngllfsgop.gif

png_20220907_101720_0000.png0001-7746823192_20210913_100909_0000.jpg20200922_160251.png20200604_124814.png20200604_134254.png20200604_131330.png20200604_134006.png20200604_134214.png20200604_133440.png20200604_133450_1.png